Аксу да ақысыз IT — сыныбы ашылды

Ақсулық балалар үшін жаңа оқу жылы қуанышты жаңалықпен басталды. Алғаш рет Е.Сихымов атындағы білім ордасында жаңа жоба «балаларға арналған ақысыз IT — сыныбы» ашылды.

Мектеп базасындағы аталмыш сынып 150 баланы қамтиды. Дәлірек айтсақ, робототехника сыныбына 75, IT — саласына 75 оқушы. Бұндай тегін оқу ата — аналар үшін де жеңілдік. Өйткені мұнда бағдарламалау және робот техникасының қыр — сырын түсінуге, негіздері бойынша сабақ алуға мүмкіндік бар.

Бұл дегеніміз жастарға әлемдік жобаларға қатысып, бәсекеге қабілетті маман болуға үлкен мүмкіндік.

Мәліметпен бөлісу: