
Ақсу ауданында төтенше жағдай бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі ұжымында «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара бөлімнің ғимаратында сағат 11:00-де өтті.
Кездесуге бөлімнің қызметкерлері, басшылық құрамы мен жеке құрам, қоғам өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру, олардың қоғам өміріндегі маңызын айқындау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Жиын барысында Конституциялық реформаның басты бағыттары, билік тармақтарының өзара теңгерімі мен жауапкершілігі, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, ашық форматта пікір алмасу өтті.

Кездесу барысында 15 наурыз күні өтетін референдумның маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға референдум арқылы ел дамуының жаңа бағыттары айқындалатыны, әрбір азаматтың таңдауы мемлекет болашағы үшін маңызды екені түсіндірілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.
