Қайырымдылық — қадірлі іс

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.

Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда, мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. Дегенмен,  олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі.

Аса көп болмаса да азын — аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандарды көргенде,  жүрегің жібіп сала береді. Осы орайда, Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскер — нұсқаушысы Акерке Қалибекованың ұйымдастыруымен Жансүгіров ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Мырзабекова Бибигүл Әлімбековнаның қаржылай көмек қолдауымен  көп балалы анаға қолдау көрсету мақсатында азық – түлікпен қамтамасыз етілді.  Сауапты істің сан соқтырмайтынын білетін  кәсіпкер  әйел Б.А.Мырзабекова қолындағы барымен  бөлісіп келеді. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы нашар отбасыларын, жетім-жесірді, талантты балаларды қорғап, қолдаса дейміз. Осындай игілікті істер келешекте жалғасын табады деген үміттеміз. 

А.Қалибекова,

Жансүгіров ауылдық округінің

                                                                                    әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: