Ауданымызда мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай атом электр стансасын салу жөнінде насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қоғамдық штаб мүшелері жиналған көпшілікке АЭС – тің пайдасы туралы кеңінен, толыққанды түсіндіруге тырысуда.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, кеңес мүшесі, ауыл ақсақалы ретінде осы жиынға мен де қатынастым. Штаб мүшелерінің бір сағат айтқан әңгімелерін тыңдап отырдым. Көп сөзді аса түсінбесем де осы жобаның елге, елдің дамуына үлкен әсер ететінін ұқтым. Алайда сахна жанына қойылған екі банердің біріндегі сөз жаныма қатты әсер етті. Бір сағат әңгіме тыңдағанша, сол сөзге он бес минут қарап отырсаң жететіндей әсер берді. Ол жерде «АЭС қуаты – жарық қуаты, жарық қуаты – халық қуаты» деп жазылыпты. Болды ғой бұдан артық қандай әңгіме керек түсінген адамға.
Тойлыбай ҚОЖАХМЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.