«Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» каммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен аудандық халықтық штаб мүшелері кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, Жолдаудағы көтерілген мәселелердің барлығы ел дамуының негізгі басымдықтары екендігі айтылып, соның ішінде алдымыздағы айда өтетін референдум, сол референдумның мақсаты, еліміздегі энергетикалық мәселелер, оның ішінде АЭС салудың артықшылықтары туралы жан — жақты ақпарат берді.
Штаб мүшелері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Құрманғалиева Алма Жанатбекқызы, Сапарғали Темірбеков, аудандық мәслихат депутаттары Амангелді Ерасыл, Дәурен Нұрмекенов, АЭС — тің экономикалық тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі, және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында АЭС — тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей — тегжейлі айтып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерді мысалға келтірді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін алға тартты.
Референдумда қабылданатын шешімдер еліміздің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті, сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды екенін баса айттып өтті Алма Жанатбекқызы.
Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
Аудандық партия филиалының консультанты.