АЭС құрылысын қолдау арқылы біз қандай ұтымды жақтарына ие боламыз, — деген сұрақ әркімді де мазалайтыны анық. Көпшіліктің жартысы 6 қазанда өтетін референдумда мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған пікірін қолдаса, біраз тұрғындар оны әлі де анықтап, зерделеу керектігін айтып, сенімсіздік білдіріп жатады.
Алайда, АЭС – ның ұтымды жақтарын түсіндіру үшін арнайы мамандар керек емес. Оны көзі ашық, көкірегі ояу ауданымыздың әрбір тұрғыны ақпараттық желілерден, газет – журналдардан оқып, біліп, танысып жатыр.
АЭС – тің елімізде салынуымен өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, елімізді электр қуатымен толықтай қамтып, шет елдерге тәуелділіктен арылуға, білім мен ғылымды, медицинаны дамытуға, жаңа инвесторлар тартып, алып зауыт — фабрикалар салуға берер мүмкіндігі барын түсініп жатырмыз. Түсіндіріп, айтып та келеміз. Тұрғындар тарапынан АЭС салу бойынша жағымды пікірлер айтылып, жұртшық бұл іске оң қабақ танытып отыр.
Сапарғали ТЕМІРБЕКОВ,
қоғамдық штаб мүшесі.