АЭС қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб кездесуі

АЭС қолдау жөніндегі Ақсу аудандық халықтық штабы «Молықбай» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында АЭС салудың маңыздылығымен мен артықшылығы туралы талқыланды. Аудандық штаб мүшелерінен Жетісу облыстық мәслихат депутат Д.Ахмолдаев , аудандық мәслихат төрағасы Б.Сүлейменов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Айтбаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Штаб мүшелері кездесуде әлем бойынша энергия тапшылығы күшейіп келе жатқанын атап өтті. Олар АЭС Қазақстанға не үшін керек екенін, электр қуаты тапшылығы мәселесін шешуге қаншалықты ықпал ете алатынын түсіндірді.

-Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Сондықтан елімізге тұрақты және экологиялық таза энергия көзі қажет. Бұл мәселені АЭС салу арқылы шешуге болады, — деді штаб мүшесі Д.Ахмолдаев.

А.Айтбаев  атом электр станциясын салудың кейбір артықшылығына тоқталды. Оның айтуынша  жыл сайын өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа мүмкіндіктерге кері әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шешу үшін ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргенін айтты. АЭС-ның құрылысын салу электр энергиясы тапшылығын шешіп, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ электр энергиясына тарифтің негізсіз өсуін тоқтатады. Көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының жоғары уыттылығына байланысты экологиялық жағдайды жақсартады.

Еліміздің энергетика саласына заманауи технологиялар енгізіледі. Жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымның дамуын ынталандырады, — деді ол.

— Қорыта келе, халық арасында энергияның балама көздері, әсіресе АЭС-тің маңызы мен мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет екенін байқап отырмыз. Сол себепті энергетика саласының сарапшылары болашақта энергия тапшылығын болдырмас үшін қазірден бастап қамдану қажет екенін баса айтады.- деді Б.Сулейменов.

Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

Аудандық партия филиалының консультанты.

Мәліметпен бөлісу: