Атом электр станциясын салу – мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет.
Бұл туралы Алматыда жас ғалымдармен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шараға атом саласының жетекші мамандары, ғалымдар мен сарапшылар арнайы қатысты. Дөңгелек үстелде АЭС-тің қауіпсіздігі, ядролық қалдықтарды басқару, бейбіт атом энергиясын пайдаланудың экономикалық орындылығы, сондай-ақ кадр даярлау мәселелері қозғалды.
Осы ретте физика-математика ғылымдарының докторы Медеу Әбішев АЭС- жоғары технологиялық қондырғы, оны салу көп салаға серпін береді және мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет дейді.