Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды.
Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың үгіт-насихат жұмысы аясында «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынды облыстық халықтық штабтың төрағасы Нұрбек Қарасаев ашып, АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар штаб мүшесі Марат Молдагулов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.
Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды.