Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ! Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір — біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай — қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп — қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс — әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Б.Сырттанов ауылдық кітапханасында «Адал ұрпақ, тәуелсіздік тірегі» атты сторителлинг ұйымдастырылды. Мақсаты — «Жемқорлық» туралы айта отырып, патриоттық тәрбие беру, әділдік, адалдық қағидаларын қалыптастыруға шақыру. адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру. «Жемқорлыққа қарсы күрес жан — жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз». Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.