Соңғы кездері елімізде цифрлық технологиялардың дамуы күрт өсуге әкелді интернет — алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық фактілері әліде орын алуда.
Жетісу облысы бойынша жыл басынан бері интернет алаяқтық фактілері 255 тіркелді, бұл республика аумағында 13843 тіркелген алаяқтықтың жалпы санының 61,1 % құрайды.
Қылмыстың осы түрінің 7,8 % өсуі байқалады, бұл қылмыстың осы түрінің жандануын көрсетеді.
Қазіргі кезде, сотқа дейнгі тергелудің өндірістен тоқтатылған (үзілген) 175 (131) ашылмағаны өте аландатады.
Жетісу облыс тұрғындары алаяқтардың қылмыстық әрекеттерімен 33 920 075 теңгеге, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 31 819 214 теңгеге залал келтірілген.
Қылмыстардың ашылуы 9 % құрады, яғни тіркелген қылмыстардың ішінен барлығы 255 және әрқайсысы 14 (бесінші?) қылмыс ашылмаған күйінде қалып отыр. Қылмыстың осы түрін ашудың белгілі бір қиындықтары бар.
Қазіргі кезде қылмыскерлер қылмыс жасау схемасын облыстың құқық қорғау органдарына алаяқтардың ізіне түсу өте қиын болатындай етіп жасайды. Көбінде, бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.
Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін қолданады: жоғары лауазымды полиция қызметкерлері Вацап мессенджеріне алдын ала қолдан жасалған, растайтын құжаттарды тастай отырып ұсынады: елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәліктерді, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы түрлі банктердің қаржы бөлімдерінің қызметкерлері ұсынады.
Мысалы, Сізге несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды сұрайды.
Көбінде алаяқтар вацап мессенджеріне қонырауларды пайдаланады, өткені Вацапқа қонырауларды бақылау қиын, өйткені бұл адамдар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.
Интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарын пайдалану арқылы да жасалады.
Әлеуметтік желілер арқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «В контакте», арқылы мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялау кезінде. Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды тартады.
Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрін жандандыруға байланысты ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауда. ІІМ қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.
Республиканың ішкі істер органдары азаматтарды сақ болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады.
ІІМ негізгі ұсынымдары:
1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.
2. Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз.
3. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбегеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсе-тіледі.
4. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.
5. Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.
6. Өтпеуге сілтемелер бойынша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.
7. Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруді, яғни 3D қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отыруды.
8. Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз.
Талғат ӘСКЕРБЕКҰЛЫ,
ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Жетісу облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру прокуроры.