Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген. Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенмен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатқаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты. Абайдың қара сөздеріне тоқталсам, әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған. Абайдың қайратты қара сөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Олар тақырып нысанынан бір ғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 — 7 қара сөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқымдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді. Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет.
Күләйім ҚУАТОВА, Молалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы