АБАЙ – АЛАШТЫ ОЯТТЫ

– Абайдың ұлттық санасы Алаштың ерте оянуына өзіндік ықпалы болған шығар?

– Осыдан барып Ұлы ақынның ұлттық санасы ерте оянып, тереңнен толғады. Кейін келе Абайдың ұлттық санасы Алашты оятты. Патшаның боданында отырсад жеке автаномия құру Абайдан бастау алғаны шындық. Өйткені, қазақтың басына күн туғанын халық ретінде жойылып кету қаупі жақындағанын сезген соң Абай осындай мақсат қойған алдына. Ол кезде патша үкіметіне қарасты түркі елдерінің ішінде басқа елдер бұлай жасай алған жоқ.

Абай дәуірінде патша екі мәселеден өлердей қорықты. Бірінші ұсақ ұлттардың ұлттық санасының оянып кетуінен, екіншісі, осы халықтардың автаномия алып, жеке шығып кетуінен. Жасыратыны жоқ Кеңес өкіметі де осыдан қатты қауіптенді. Ойлап қарасақ, кеңес тұсында бас көтерер Алаштың арыстары ұлтшыл деп айып- талып, атылып кетті. Өйткені билік осы азаматтардың ұлттық санасының оянып кетуінен қорқып, секем алды. Тарихи санасы қайта оянған халық ешқашан бодан болып құлдық қамытты кигізбейді.

Ал, патша үкіметінің қол астында ерте оянған, бас көтерген халыққазақ халқы. Халықтың тарихи санасының қайта оралуына ықпал еткен тұлғаАбай. Мұхтар Әуезовтың «Абайды танудың бір қиыншылығыол өмір сүрген заманды білу» деп жазғаны бар. Өйткені, Абай өмір сүрген заман қазақты өз қолымен тұншықтырудың басталған тұсы болатын. Тұптұнық санасы лайланып, ұлттық рухының әлсіреген сәті еді. Абайдың өмірі қазақ жеріне аярлық саяси механизмді енгізген кезге тұспатұс келді. Осының бәрін көріпбіліп, сезіп отырған саналы адамның жүрегі қалай ауырып, ашынбайды, қалай зар жұтпайды.

Мәліметпен бөлісу: