Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға

Қазақ әдебиетінің тарихы ауызға алынса болды Абай есімі тілге тиек болатындығы табиғи, өйткені, ол қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, әрі қазақ әдебиетінің тың белеске көтерілгендігінің символы. Абайдың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін, оның туындыларының қазақ ұлтының оянуындағы атқарған орасан зор еңбегі қазақ халқының рухани тірегіне, адамзат өркениеті мен парасатының піріне айналды. Абай — өзі өмір сүрген уақыттағы Ресейлік империя, одан кейінгі Советтік империядан соң міне, қазір үшінші кезеңді өткеріп отыр. Сол кездегі отарлық езгіден құтылып тәуелсіздік алып, дамудың дүниежүзілік демократиялық жолына түскен қазіргі кезде де Абай бізбен бірге. Осының өзі яғни рухани ғұмырының ұзақтығы Абайдың кім екенін аңғартса, осы кезеңдердің әрқайсысында Абай рухының қуаты, әр жолы жаңа қырынан ашылып отырды. Абай ұлылығының және бір белгісі — адамзат ақыл — ойы мен рухының сан ғасырлық ізденістері мен көптеген бағыттары оның өз бойында тоғысып, үндестік тапты. Ақын, ойшыл, философ, композитор ретінде Абай осы көріністердің бәрін де аса жоғары деңгейде болды. Абай ұлттық рухтың бейнесі, Абай ұлы тұлға. Қазақ мәдениетінің аты мен заты ғана емес, Абай сол күрделі қиын кезеңдерде қазақ халқының ұлттық рухын сақтап қалды. Кесірлі кезеңдер идеологиясы ұлттық мәдениеттердің өрісін тарылтып, тілін құртуға айналған жағдайда да Абай өз халқының қорғанына айналды. Қазақтың тілін, қазақтың рухын сақтап қалды. Абай келер ұрпаққа сөзін арнап, «…Мыңмен жалғыз алыс-тым, кінә қойма»,десе бұл — оның жан айқайы.  Абай поэзиясы 19 ғасырдың 2 жартысынан бастап қазақ даласына жарық сәуле боп тарап, тұтас бір халықтың ақыл — ойын санасын биледі. Абай — адам ретінде, ақын ретінде және биік мұраттар тұрғысынан — адамзат руханиятына мәңгі символ. Ол өз халқының рухани байлығынан нәр ала отырып, адамзат ойының асылдарын бойына жиып, өз ұлтының тарихында аты қалған алып тұлға. Өз халқын әлемдік өркениет арнасына бастап, өз халқының танымдық көкжиегін кеңіткен кемеңгер.

Алима ШАПИЫҚ, Арасан ауылдық кітапханасының кітапханашысы, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: