
Өткен жылдың қортындысы бойынша Ақсу ауданында ірі қара мал басының саны 87162 басты құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға өсті . Қой мен ешкі 296 499 басқа жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 103,1 % құрады. Жылқы саны 31 826 басқа жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 112,3 пайызға жетті. Құстар саны 113 213 басты құрады.

Аудан бойынша 9 мал бордақылау алаңы жұмыс естейді сыйымдылығы 3450 бас, бүгінгі күнге 1615 бас бордақылануда.
Мал шаруашылығы өнімдері 2019 жылмен салыстырғанда -ет 103,2 пайызға көбейіп, 15153 тоннаны құрады (2019 жылы 14 682 тонна), сүт 106,3 пайыз немесе 46256 тонна (2019 ж. 43511 тонна), жұмыртқа 102,9 пайыз немесе 10545 мың дана болды (2019 ж.10247 мың дана).

2021 жылға 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.
«БББ Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылысы. Оған тартылатын инвестиция көлемі 400 млн. теңге, қуаттылығы – 1500 тонна ірі мүйізді еті. Ағымдағы жылы -650 бас ірі қара мал, 350 бас жылқы, 2000 бас қой әкелінді.
«Агрохолдинг Аксу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылағаш ауылында 620 басқа арналған сүт тауарлы фермасын салуды жоспарлауда, бүгінгі күнге 87 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алып, құрылыс жұмыстарын бастады, жобаның аяқталуы 2021 жыл. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңге. Осыған орай маусымдық — 50 адам, тұрақты 25 адамға жұмыс орны ашылады.
Жалпы алғанда 2021 жылға аграрлық сектордың жалпы өнім көлемін 39 млрд. 950 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі