АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Е.БАЗАРХАНОВТЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ
28 ТАМЫЗДА ӨТКЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АЛДЫНДА 2020 ЖЫЛЫ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН ФУНКЦИЯЛАР МЕН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ
Ақсу ауданының әкімі Е.Базарханов 2020 жылы 28 тамызда аудандық мәслихаттың депутаттары алдында 2020 жылы бірінші жарты жылдықта өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін берді. Осы есептің қысқаша тезисімен танысуға ұсынамыз.
Бүкіл әлемді дүрліктірген COVID-19 ауруы барлық мемлекеттерге үлкен сынақ болып жатыр. Бұл сынақтан біздің елімізде өтіп жатыр. Өкінішке орай, індет ауданымызды да айналып өтпей, 183 адам осы ауруға шалдықты. Сонымен қоса, 708 тұрғын пневмониямен емдеуге қаралған.
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті мекемелер осы бағытта қажетті жұмыстар атқарды. Аудандық штаб құрылып, отырыстары өткізіліп, республикалық, облыстық және аудандық санитарлық бас дәрігерлердің қаулыларына, алгоритмдеріне сәйкес шаралар іске асырылды.
Эпидемияға қарсы және санитариялық құралдармен қамтамасыз ету шеңберінде аудан резервінен 300 қорғаныш костюм жиынтығы, 750 литр дезинфикациялық ерітінді, 150 дезотабс (хлор) құтысы, 20 мың жұп қолғап, 11500 көп рет қолданылатын маскалар сатып алынып, ауданның халық көп шоғырланатын жерлер, мекемелер дезинфекциялық шаралардан өтті.
Ауданда 18 мобильді топ күніне шамамен 200-ге жуық шақыруға қызмет көрсетеді. Шілде айынан бастап барлығы 3200-ге жуық шығу жүзеге асырылды.
Ең күрделісі індетпен күресуге тартылған 64 дәрігерлер Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектепинтернатының жатақханасына оқшаланып, олардың толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынды.
Мемлекеттен 42500 теңге көлемінде 4765 адам көмек алды. Сондай-ақ, 1463 балаға әлеуметтік пакеттер таратылды.
Ауданымызға тән ұйымшылдықты танытып, округ тұрғындары өз еркімен 35 мың бетперделерді (маскалар) тігіп, таратты.
Осындай қиын кезінде ауданның жомарт жандары қол үшін беріп, ауданда қайырымдылық шаралар өтті.
Аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «BizBirgemiz» акциясы аясында ауданның 546 аз қамтылған отбасына 18 млн. 500 мың теңге көлемінде көмек ұйымдастырылды, оның ішінде сіздерде барсыздар.
Осы індетке қарсы арнайы медициналық аппараттарда алынды, атап айтқанда І.Жансүгіров қоры арқылы 10 пульсооксиметр аудандық ауруханаға берілді.
Аудан жұртшылығын ұйымдастырып, халықтан қаржы жинап, дәрі — дәрмектермен көмек көрсетіп, 26 оттегі концентратын өңірімізге алып келген жерлестерімізге және атсалысқан еріктілердің еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Алынған 26 оттегі концентраттың 7-і облыстық ауруханаға өткізіліп, аудан тұрғындары атынан көмек көрсетілді.
Құрметті қауым!
Жоғарыда аталған індетке қарсы жұмыстарға тоқтап қалмай, болжам бойынша осы аурудың екінші кезеңіне дайын болуымыз керек.
Осы орайда, орталық ауруханамыз толық керекті заттармен қамтылып, «СКФармация» арқылы 1,5 айға жеткілікті дәрі — дәрмектер алынды. Қазіргі таңда 18 оттегі концентраты мен 41 пульсоксиметрлер дайын және оттегі балондармен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін «Ауа» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.
Ауруханаларды оттегі баллондармен қамтамасыз ету үшін Сарқан қаласында бірінші кезеңмен оттегі станциясы салынады, ал екінші кезеңде біздің ауданымызда салу жоспарлануда.
Осы ауруға қарсы тартылған 229 медицина қызметкерлеріне жалақысынан бөлек республикалық бюджеттен 60 млн. 121 мың теңге үстемақы төленді. Болжамдап отырған екінші кезең болған жағдайда осындай қаржылай үстемақы қарастырылды.
Қазіргі уақытта біз орталық ауруханада 70, Қапал ауылының ауруханасында 50 төсекке дейін қарастыру мүмкіндігіміз бар.
Құрметті депутаттар!
Қазақ елі бұдан да қиын — қыстау кезеңінен өткен. Тек елдің ауызбіршілігі, татулығы, сабырлығы арқасында ол қиыншылықтарды жеңіп, бүгінгі тәуелсіздікке жетіп отырмыз. Бұл індеттен еліміз аман-есен шығып, одан ары еңбек ететіндігімізге мен сенімдімін.
Өнеркәсіп саласы
2020 жылы 1 жартыжылдықта өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1 млрд. 898 млн. теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 125 пайызға артты. Нақты индекс көлемі 108,4 пайызды көрсетті.
Биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемін 4,7 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл көрсеткішке жету үшін қант зауытын шикізатпен қамтамасыз ету, жаңғырту жұмыстарын жалғастыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, ашылған өндірістердің қуаттылығын одан әрі арттыруға, өндіріс саласындағы шағын орта бизнесті дамытуға, жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған ауқымды шаралар атқарылады.
Ауылшаруашылығы саласы
Есепті мерзімде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 млрд. 154 млн. теңге, нақты көлем индексі 102,7 пайызға жетті. Оның ішінде: мал шаруашылығының өнімдері 7 млрд. 53 млн. теңге, егін шаруашылығының өнімдері 95,2 млн. теңге.
Барлық игерілген жер көлемі 61 мың 337 гектар. Оның ішінде: 29650 гектар дәндідақылдар, 15621 гектар майлы дақылдар, 3167 гектар қант қызылшасы, 2629 гектар картоп, көкөніс бақша өнімдері, 10270 гектар мал азығы дақылдары себілді.
«Ақсу қант» зауыты бүгінгі күнге модернизациядан өтуде. Қуаттылығы күніне 3500 тонна қант қызылшасын өңдеуге жеткізілді.
Құрметті жерлестер, қант зауыты өз деңгейінде толық жұмыс жасау үшін жеткілікті шикізат қажет. Сондықтан, қызылша алқабын көбейтіп, өнімділігін арттыру біздің басты міндетіміз болып қала береді.
Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, ірі қара мал саны 97068 басқа жетіп былтырғы жылға қарағанда 101,5 пайызға артты. Қой-ешкі 368 мың 810 басты, жылқы 31 мың 697 бас, үй құстары 124 мың 861 басты құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: ет 5271 тонна, сүт 21075 тонна, жұмыртқа 5304 данаға жетті.
Ветеринария саласы
Бруцеллезге 61,8 мың бас ірі қараны тексеру жоспарланған, нақты 64,5 мың мал тексерілді, (104%); 130 баста ауру анықталды, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 басқа кем. Ауру малдардың 119 басы мал сою алаңына өткізілді.
Мүйізді ұсақ малдың арасында ауру азаймаған, өткен жылдан 2 басқа көбейген. Барлығы 226,540 бас мүйізді ұсақ мал тексеріліп, 326 баста ауру анықталды.
Бруцеллез ауруына қарсы шараларды пайдалана отырып, жүргізіліп жатқанымен, 3 ауылдық округте ауру көбейген.
Ірі қара малдары бойынша: Қызылағаш 48 бас, Жансүгіров — 18 бас және Сырттанов 16 бас ауылдық округтерінде ауру тіркелген.
Ұсақ малда бруцеллез Жансүгіровте 70 бас, Ойтоғанда 70 бас, Б.Сырттанов ауылдық округінде 37 бас ауру тіркелген.
Мал иелерінің сырттан әкелінген малды тексермеуінен, ветеринариялық мамандарға хабарламай, дер кезінде есепке алынбағандығынан аурудың таралуына жол берілді.
Осыған орай, мал ауруларын алдын алу мақсатында мал иелері ветеринариялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Жер мәселесі
Жалпы ауданымыздың жер көлемі 1 млн. 259 мың 293 гектар. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 696 мың 167 гектар, мұның ішінде: 34 мың 78 суармалы жер, 37 мың 48 гектар тәлім жер, 21 мың 67 гектар шабындық жер, 595 мың 956 гектар жайылым жер, 6 мың 279 га тыңайма, басқа жерлер 1 мың 739 га.
2020 жылы инвестициялық жоба бойынша 15 заңды тұлғаға 7811 гектар жер бөлінген (188 га суармалы, 1200 гектар тәлім жер, 6423 гектар жәйілім жер).
Ауданның арнайы жер қорына 829 гектар жер қайтарылды, оның 69 га суармалы, 79 га тәлім жер, 63 га шабындық, 618 гектар жәйілім жерлер.
Қапал ауылдық округіндегі 35 жер телімін беру үшін конкурс өткізіліп, барлығы 931 гектар жер берілді (12,7 га суармалы, 276 тәлім, 41,5 шабындық, 601,14 гектар жәйілім жерлер).
Ал Қарашілік, Есеболатов ауылдық округтері бойынша өткен конкурстың хаттамалары жер комиссиясының шешімімен тоқтатылды.
Қазіргі уақытта Б.Сырттанов ауылдық округі бойынша 26 учаске және Қарасу ауылдық округі бойынша 60 учаскеге конкурс өткізу үшін жерге орналастыру жобалары дайын, алайда карантин шаралары бойынша конкурстар уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, Жансүгіров, Матай, Суықсай, Қаракөз, Қызылағаш ауылдық округтерінде жер учаскелерінің орналасу схемасы қарастырылды, енді мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі.
17 ауылдық округте пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 58494 гектар игерусіз жатқаны белгілі болды. Оның ішінде: 4325 га суармалы жер, 5793 тәлім, 1256 шабындық, 47120 гектар жәйілім жерлер. Қазіргі уақытта әкімшілік шаралар қабылдау үшін жер инспекторына материалдар өткізілді.
Ирригация жүйесі
Аудан бойынша су каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін мердігерлік ұйым ретінде «Тамас» ЖШС-гі белгіленген. Жоба бойынша 111 каналды жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланған, олар 9 ауылдық округтерінің аумақтарында орналасқан. Жобаның құны 5 млрд. теңгені құрайды.
Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 11548 га. пайдалынылмай жатқан жер телімдері есебінен суармалы жер айналымына қосылуы күтілуде. Қәзіргі кезге 111 су каналының 25 каналы механикаландырылған тазарту жұмыстарынан өтті.
Сонымен қатар, өздерінізге мәлім биыл Қызылағаш су қоймасы 5,9 млрд. теңгеге қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп, осы вегетациялық мерзімге қойма 16 млн. куб су жинап, 3500 гектар суғармалы алқаптарды суғару үшін мүмкіндік берді. Жалпы қойманың қуаттылығы 42 миллион текше метр құрайды.
Қызылағаш ауылдық округіне қарасты 6,7 мың гектар құрайтын суғармалы алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін, Алматы облысы әкімдігі арқылы техникалық-экономиқалық негіздеме дайындалып, жобалау — сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 100 шақырым құрайтын желілерге құрылыс жұмыстарға қаражат бөлінеді, жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 8,5 млрд. теңге құрап отыр.
Сонымен қоса, 1991 жылы консервацияулаға ұшыраған Бүйен өзеніндегі қуаттылығы 20 миллион текше метр құрайтын су қоймасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет, себебі бұл нысанды қалпына келтірсек Қарашілік ауылдық округіне қарасты 5000 гектар жер алқаптары суармалы жерлерге айналады. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін облыстық тиісті мекемелермен алғашқы келісімге келдік, қәзіргі таңда су қоймасының құжаттарын жинастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілердің саны 35 бірлікке артып, 3605-ке жеткізілді, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 46 бірлікке көбейіп, 3282 жетті. Оларда 5664 адам жұмыс жасайды, өткен жылғыдан салыстырғанда 84 адамға көбейді.
Өндірілген өнім мен қызмет көлемі 7 млрд. 764 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 204,3 пайызды құрады. (2019 ж – 3800,0 мың теңге).
Түскен салықтар көлемі 406 млн 100 мың теңге, өткен жылдың деңгейіне салыстырғанда 160,0 пайызды құрады.
Биыл 20 млрд.500 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 620 млн. теңге бюджетке салық түсіру көзделуде.
Сауда, қызмет көрсету саласында 3 жаңа нысан іске қосылды.
Инвестиция тарту
Аудан экономикасына 4 млрд. 903 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылды, нақты индексі көлемі 107,4 пайызға жетті.
2020 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемін 15 млрд. 850 млн. теңгеге жеткізу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс жасаймыз.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасында қарапайым заттар экономикасының жобалары бойынша бүгінгі күні 12 жоба 4196,6 млн. тенгеге іске асырылды. Оларды атап айтсақ, «Ақсу қант» ЖШС-гі «Нұр Банк» арқылы 4 млрд.теңге алынды, ал Агро кредиттік корпорациясы арқылы 11 шаруа қожалықтарына 196,6 млн. теңге бөлінді. Бұған қоса, екі жоба қаралуда.
Құрылыс жұмыстары
Биыл құрылыс жұмыстарының көлемін 12 млрд. 27 млн. 600 мың теңгеге жеткізу жоспарланса, есепті мерзімге 4 млрд. 337 млн. 400 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 129,3 пайызға жетті.
Жансүгіров ауылында 60 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға (сыртқы су жүйесі). Жалпы сомасы 185 млн. теңге. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жұмыстың толық аяқталу уақыты ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.
Аудан орталығында салынатын 10 жеке үйлердің және оның и н ж е н е р л і к — к о м м у н и к а ц и я л ы қ желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамаға 8,7 млн. теңге қарастырылған, жобалау уақыты 7,5 ай.
Жансүгіров ауылында салынатын 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және оның инженерлік — коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамаға 10,2 млн. теңге бөлінген, жобалау уақыты 9 ай.
Ал, 30 жеке тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуналдық жүйесін салуға көзделген жалпы 861 млн. теңгенің толық бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.
Қызылағаш ауылында 30 га, Матай ауылында 15 га жер теліміне инженерліккоммуникациялық желілерін тартуға жобалық сметалық құжаттамаға жалпы 20,7 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар іске асырылуда.
Үш мектептің құрылысына (Сағакүрес, Көлтабан, Көшкентал) жобалау сметалық құжаттама даярлануда. Оған барлығы 121 млн. теңге бөлінген.
Жансүгіров ауылында тәулігіне 600 адам қабылдайтын халыққа қызмет көрсету орталығын салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 52 млн. 458 мың теңге көзделген. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, жобаның толық аяқталу уақыты 2020 жылдың қыркүйек айы.
Ақсу ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына жобалық сметалық құжаттама даярланды. Алайда құрылысмонтаждау жұмыстарына қажетті 118 млн.теңгенің облыстық бюджеттен бөлінбеуіне байланысты, бұл жұмыс басталмай тұр.
Жеке меншік есебінен 3191 шаршы метр тұрғын үй салынды, биылға жоспар – 6726 шаршы метр болып отыр.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы
Осы мемлекеттік бағдарламаның аясында 52 жобаны іске асыру үшін 2 млрд.148 млн. теңге бөлінген.
Оның ішінде:
— 10 аббаттандыру жобаларына – 832 млн.;
— 27 әлеуметтік нысандардың ағымды жөндеу жұмыстарына – 69 млн.теңге;
— 1 электроэнергиямен қамтамасыз ету жобасына – 10 млн.500 мың теңге;
— 2 сумен қамтамасыз ету жобасына – 548 млн.теңге;
— 12 жол жөндеу жобаларына – 652 млн.теңге.
Барлығы 537 жұмыс орны құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 268 орын. Бүгінгі таңда 430 жұмыс орны құрылды (85,7%), орталық арқылы 237 орын (88,4%).
Қазіргі уақытта 23 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда, 28 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 1 жоба бойынша жұмыстар тоқтатылды. Атап айтқанда:
Ауданда 14 елді мекендерде 14 шағын спорт алаңдарын салуға 100,8 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде 3 мердігер 81,9 млн.теңгеге жұмыстарын аяқтап, нысандар пайдалануға берілді.
Аудан орталығында «Бөрібай батыр» ескерткішінің маңайын абаттандыру және тұғырын салу жұмыстарын «Хан Теңгриқұрлыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 45,1 млн. теңгеге ұтып, жұмысын жүргізуде.
Жансүгіров ауылындағы орталық саябақты абаттандыру жұмыстары 503,8 млн теңгеге жасалуда.
Ауданда 3 елді мекенде (Жансүгіров, Қызылағаш, Қапал) көше шамдарын жарық диодты шамдарға ауыстыру жұмыстарына 29,0 млн. теңге бөлініп, 970 дана шамдар ауыстырылып, Жансүгіров ауылында 40 дана көше шамдары қойылды.
4 елді мекенде апаттық деп танылған әлеуметтік нысандарды бұзуға 41,2 млн. теңге қарастырылып, 3 мердігер анықталды. Ащыбұлақ, Арасан ауылдарындағы ескі мәдениет үйлерінің ғимараттары бұзылып, орны тегістелді. Қапал ауылындағы әкімдік ғимараты бойынша «АКА Прожект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарын жүргізуде. Матай ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын бұзуға ауыл тұрғындары қарсылық білдіруіне байланысты, бөлінген қаражат игерілмей қайтарылды.
Арасан ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструциялау және салу құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 309,8 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге ауыл ішінде құбырларды салу жұмыстары жүргізілуде.
Еңбек ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін салу жұмыстары 246,8 млн. теңгеге жүргізілуде. Бүгінгі күнге 3,5 шақырым құбырлар салынып, 2 ұңғыма бұрғыланды.
Ауданның 27 мектеп ғимаратының ішкі дәретханаларын қайта құру және ағымды жөндеу жұмыстарына жүргізуге 69 млн. қаражат бөлінген. Үнемделген қаражат есебінен осы бөлінген қаражаттан аспай қосымша 4 мектептің ішкі дәретханаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қәзіргі кезде осы 31 мектептің оқу орны ғимаратына жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Осы бағдарламаның шеңберінде ауданның көлік жолдарын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 652 млн. 242 мың теңге бөлініп, мамыр айынан бастап бірқатар ауылдардағы жолдарды жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда Молалы, Алажиде, Кеңжыра ауылдарының көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сағакүрес, Көшкентал, Суықсай, Алтынарық, Есеболатов, Көкөзек ауылдарының көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары 70 пайызға жасалса, қалған Қаракөз, Жансүгіров, Сағабүйен ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауыз су
Аудандағы 49 елді мекеннің қазіргі кезде 40 елді мекен (81,6%) тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен қамтылса, 9 елді мекенде (18,4%) орталықтандырылмаған.
Бүгінгі күнге Жансүгіров ауылының Бұхарбай, Толғанбай ақын, Жансүгіров, Қабанбай батыр, Әубакіров, Абай, Пушкин, Ақын Сара және Кенжебаев көшелеріне ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жобасына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 118,0 млн. теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.
Жолдар
Жолдар бойынша биылғы жылға 3 ауылда күрделі, орташа және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізуге 428 млн.323 мың теңгеге қаражат бөлінді.
Қапал ауылына күрделі жөндеуге 330 млн тенге бөлінді. Сәуір айында жұмыс басталып, 6 көшеге 1-ші қабат ірі түйірлі асфальт (крупнозернистый) жамылғысы салынды. (70%).
Матай ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 50 млн.теңге. бөлінген. Жолдың негізгі қабатын салу жұмыстары аяқталып, асфальт жамылғысын салу жұмыстары басталды. (60%).
Жаңалық ауылының көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 48 млн. 323 мың теңгеге мамыр айында жұмыс басталып, жоба бойынша жұмыстары аяқталып, қосымша жұмыстар жүргізілуде. (80%)
Салықтар болжамының орындалуы
Бюджетке түсетін салықтар болжамы 128,8 % орындалып, нақты 981 млн. 500 мың.теңге түсті. І жарты жылдыққа болжанған 762,3 млн. тенгеден артық 219,2 млн. тенге түскен. Жергілікті бюджет болжамы 133,5 пайыз орындалса, республикалық бюджет 112,7 пайыз орындалды.
Биылға барлығы 1 млрд.520 млн.700 мың теңге бюджетке салық түсіру жоспарланған.
Салық берешегі жыл басындағы 4 млн. 700 мың теңге дейін жеткен.
Бюджеттің орындалуы
Бюджет шығыстары жарты жылдықта 99,8 пайыз игеріліп 4 млрд. 213 млн.700 мың теңге құрады.
Әлеуметтік сала
Ауданда кедейлшілік деңгейін төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әлауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және ауылды жерлердегі нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың санын азайтуға бағытталған бағдарлама жан жақты жүзеге асырылуда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы жылға кешенді жоспары — 2293 адамды бағдарламаның белсенді шараларымен қамту болып табылады. Есепті мерзімге қамтылғаны 1300 – 56,6%. Электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру жоспары – 633 адам. Орындалғаны 105 – 16,5 %. Бос жұмыс орындарының сұранысы бойынша – 643 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар практикасына – жоспар 45, бөлінген қаражат – 17 млн. 900 мың теңге, 50 адам жолданды. Ақылы қоғамдық жұмысқа – жоспар 618, бөлінген қаражат 210 млн. 640 мың теңге, жыл басынан 465 адам жолданды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 431 отбасындағы 2309 мүшесіне тағайындалып, 95 млн 423 мың 911 теңге төленді.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында аудан бойынша 41 мекеме: 1 орталық аурухана, 2 аурухана, 14 дәрігерлік амбулаториясы, 24 медециналық пункттер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың саны өткен жылмен салыстырғанда 6 айлық көрсеткіштерге сәйкес туберкулезбен, бруцеллезбен ауырғандар саны бір деңгейде болып тұр. Яғни, екі жылдада туберкулезбен 5 адам, бруцеллезбен 4 адам шалдыққан, вирусты гепатитпен екі жылда да тіркелген жоқ.
Бала туу көрсеткіші: туғандар саны өткен жылы — 362 бала болса, биыл – 373 бала. Бір жасқа дейінгі 6 бала өлімі тіркелді, былтырда осындай көрсеткіш болған. Ана өлімі жоқ.
Білім саласы
Осы жылдың 6 айында білім сапасы 66,3 пайызды құрады, былтырғы жылы есепті мерзімге 66,2 пайыз.
ҰБТ-ге аудан бойынша 381 түлектің, 342-і қатысты, орташа балл 64,3 құрады және «Алтын белгі» иегерлері 17, «Үздік аттестат» алғандар 28 түлек алды.
Жоғарғы оқу орындарына грант арқылы түскен 165, арнайы оқу орындарында 55 мектеп бітірушілер грантпен оқитын болады.
Алдымыздағы жаңа оқу жылына келсек, аудандағы 41 мектептегі 7662 оқушылардың ішінде, 15 мектептегі 5562 оқушы қашықтықтан оқытылатын болады, 26 мектептегі 2044 оқушы штаттық режімде оқытылады және 1 сыныпқа баратын 56 оқушыға кезекші сыныптар ашылады.
Жаңа оқу мерзіміне оқушылар мен мұғалімдер компьютерлік құралжабдықтармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Жалпы қазіргі кезде қолда 4407 компьютерлер бар, оған қоса білім министірлігінен 2192 және жергілікті бюджеттен 517 компьютер алынып беріледі.
«Мектепке жол» акциясы аясында 210 балаға 4 млн. 244 мыңға 34 смартфон, 4 планшет, 2 компьютер, 7 телевизор, 53 киім-кешек, 9 балаға ақшалай көмек берілді. Жалпы бұл акция ағымды жылдың 1 қазан айына дейін жалғасады. Бүгінгі таңға білім саласында аудан бойынша 91 маман жетіспейді осыған орай, еліміздегі жоғарғы оқу орындарына онлайн сұраныс жіберіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қылмыстылық
Аудан көлеміндегі жағдай жалпы қылмыстың төмендеуімен сипатталады, яғни 2019 жылы 239 қылмыс тіркелген болса, 2020 жылдың жартыжылдықта 176 қылмыс орын алған. Қылмыстылық саны 26,4 пайызға төмендеген.
Былтыр 22 ауыр және аса ауыр қылмыс тіркелсе, биыл 20 ауыр қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ашылу көрсеткіші 2018 жылы 87,9 пайыз болса 2019 жылдың жартыжылдықта 89,6 пайызды құрап отыр. Жалпы ашылу көрсеткіші 2019 жылы 89,6 %, 2020 жылы 90,4 % пайызды құрап отыр.
Аудан тұрғындарын алаңдатып жүрген, өзекте мәселе – мал ұрлығы да азайған. Бұл қылмыс 12 дерекке кеміген, яғни былтыр 39 қылмыс тіркелсе, биыл 27 дерек орын алған. Ашылу көрсеткіші 2020 жылы 81,6% болса, 2019 жылы 76,2 % құрап, 5,4 пайызға жақсарған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет көрсету
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында мейлінше шаралар атқарылуда. Алматы облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау ерекше бақылауда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы және алдын алу сипатындағы кешенді шараларды әзірлеу жолымен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар күшейтілді.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджеттік қаражатты пайдалану үшін қызметшілердің жауапкершілігі туралы мәселе көтеріліп, нұсқаулар берілуде.
14 мемлекеттік мекемелер және 17 ауылдық округ әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп, аталған мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің бірде-бір жолы ол — мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.
Мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 99.
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 6230. Оның ішінде: электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны – 3706.
Есепті мерзімде аудан әкімдігінің атына мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, стандарт пен регламент мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.