2019 жылғы 5 тамызда өтетін аудандық мәслихаттың депутаттары
алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебінің ТЕЗИСІ
Ақсу ауданы бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталған.
Ауданы бойынша жалпы ішкі өңірлік өнім 14 млрд. 757 млн. теңге құрап, нақты индекс көлемі 146,5 пайызға жетті.
2019 жылы 1 жартыжылдықта өнеркәсіптік өндірістің көлемі 1 млрд. 406 млн. теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 104,5 пайызға артты. Нақты индекс көлемі 101,8 пайызды көрсетті.
Тау — кен өндіру өнеркәсібінде шілде-тамыз айларынан бастап құм-тас қоспасын өндіретін жаңа 4 кәсіпорын жұмыс істей бастайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 млрд. 196 млн. теңге, нақты көлем индексі 106,1 пайызға жетті. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 6 млрд. 109 млн. теңге, егін шаруашылығының өнімдері 82,3 млн. теңге.
Барлық игерілген жер көлемі 60 мың 906 гектар. 2018 жылмен салыстырғанда егістік көлемі 1536 гектарға артты. Оның ішінде — 30800 гектар дәнді — дақылдар, 15200 гектар майлы дақылдар, 2850 гектар қант қызылшасы, 2226 гектар бақша өнімдері, 10100 гектар мал азығы дақылдары себілді.
Аудан бойынша 2850 гектар қант қызылшасы себілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 830 гектарға артық. Бүгінгі күнге қант қызылшасы алқаптарының 2280 га немесе 80 пайызға жағдайы жоғары, 427 га орташа немесе 15 пайыз, 143 га төмен немесе 5 пайыз.
Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, ірі қара мал саны 91 305 басқа жетіп, былтырғы жылға қарағанда 103,9 пайызға артты. Қой-ешкі 383 452 бас 100 пайыз, жылқы 26 304 бас 113,4 пайызға, үй құстары 110 784 бас 102,6 пайызға артты.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылмен салыстырғанда ет 5219 тн. 112 пайызға, сүт 20753 тн. 104 пайызға артты.
250 тонна ет экспорттау жоспарланса, бірінші жарты жылдықта 120 тонна ет экспортқа жіберіліп, 48 пайызға орындалды. Жоспарды орындамаған Қаракөз, Жансүгіров ауылдық округтері бірде бас мал шығарған жоқ.
Ауданда электрондық картаға енгізуге жоспарланған 601 мың гектар жайылым алқаптардың 472 мың гектары енгізілді, немесе 78,5 пайызы ғана орындалды. Облыстық деңгей 81,3 пайызды құрайды. 21 мың 294 гектар шабындық жерін кіргізу жоспарланса, 10 мың 966 гектар алқап 51 пайызы ғана орындалды. Облыстық көрсеткіш 57,4 пайыз. Барлығы 1612 шаруа қожалықтарының жері тіркелді.
Бүгінгі күнге аталған жұмыстар атап айтқанда төменгі көрсеткіштер жайылым жер бойынша Қызылағаш а/о — 56 пайыз, Қаракөз а/о — 68 пайыз, Қарашілік — 70 пайыз, Жансүгіров а/о — 72 пайыз, шабындық жер бойынша төменгі көрсеткіштер Қарашілік а/о — 18,6 пайыз, Қаракөз а/о — 29 пайыз, Қызылағаш а/о — 25,7 пайызды ғана орындаған.
Бруцеллезге 61,8 мың бас ірі қараны тексеру жоспарланған, нақты 64,5 мың мал тексерілді, (104%); 130 бас-та ауру анықталды, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 басқа кем. Ауру малдардың 119 басы мал сою алаңына өткізілді.
Мүйізді ұсақ малдың арасында ауру азаймаған, өткен жылдан 2 басқа көбейген. Барлығы — 226,540 бас мүйізді ұсақ мал тексеріліп, 326 баста ауру анықталды.
Бруцеллез ауруына қарсы шаралар бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып жүргізіліп жатқанымен, 3 ауылдық округте ауру көбейген.
Ірі қара малдары бойынша: Қызылағаш — 48 бас, Жансүгіров — 18 бас және Сырттанов — 16 бас ауылдық округтерінде ауру тіркелген.
Ұсақ малда бруцеллез Жансүгіровте — 70 бас, Ойтоғанда — 70 бас, Б.Сырттанов ауылдық округінде — 37 бас ауру тіркелген.
Биылғы жылы 4 инвестициялық жобаларға 16370 га. жер жалға берілді. Олар:
«Байсерке Агро» ЖШС қант қызылшасын өсіру, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, 3 мың басқа мал бордақылау комплексіне — 14590 га;
«Балданай-СК» ЖШС асыл тұқымды етті мал өсіруге репродуктор және мал бордақылау кешені құрылысына100 га;
«Қылышбеков» ш/қ сүт фермасы мен мал бордақылау алаңының құрылысына 30 га,
«Көк-Сағыз ТМ» ЖШС суармалы егістік жер — бақ-бақ гүлінен табиғи каучук өндіруге 150 га;
«Нұрмұхамбетов» ш/қ тәлім егістік, 900 га. жайылым жер ірі қара малға бордақылау алаңына жалға берілді 600 га.
Биылғы жылы 10 ауылдық округ тексеріліп, 19200 га пайдаланылмаған жер анықталды.
2019 жылы пайдаланылмай жатқан жерінен өз еркімен бас тартқан 12 шаруа қожалығының 1344 га. жерлері арнайы жер қорына қабылданды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілердің саны 51 бірлікке артып, 3517 жеткізілді, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 100 бірлікке көбейіп 3029-ға жетті. Оларда 8817 адам жұмыс жасайды, өткен жылғыдан салыстырғанда 345 адамға көбейді.
Өндірілген өнім мен қызмет көлемі 3 есеге артып, 3 млрд. 800 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді.
Түскен салықтар көлемі — 253 млн. 800 мың тг., өткен жылдың деңгейіне салыстырғанда 96,8 пайызды құрады.
Сауда, қызмет көрсету саласында 3 жаңа нысан іске қосылып, 69,6 млн. теңгенің инвестициясы тартылды. 3 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жылдық жоспардың 43 пайызы ғана орындалды.
Аудан экономикасына 4 млрд. 488 млн. тг. инвестиция тартылды, өткен жылдың деңгейіне 1,6 есеге артып, нақты индексі көлемі — 151,3 пайызға жетті.
Молалы мен Жаналық округтерінде жеке қаражат есебінен негізгі капиталға инвестициялар мүлдем тартылған жоқ.Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 355 млн. тг., былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артты.
10 жеке тұрғын үй құрлысына — 175,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады. 30 жеке тұрғын үй құрылысы мен инженерлік — коммуналдық жүйесін жобалау құжаттары даярлануда. Бөлінген қаржы 12,7 млн. теңге.
3 мектептің құрылысына жобалау сметалық құжаттама даярлануда. 30 млн. теңге бөлінген.
Е.Сиқымов атындағы мектеп жанындағы интернатқа монша құрылысы 50 млн. теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге электрондық конкурс жарияланып, өтінімдер қаралуда.
Аудан орталығы Жансүгіров ауылында жаңадан халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жобалық сметалық құжаттама даярлауға 15 млн. теңге бөлінген. Осы күні жобалық сметалық құжаттама даярлануда.
Ақсу ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына жобалық сметалық құжаттама даярлауға 10 млн. теңге бөлініп, электрондық конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, келісім-шарт жасады.
Жеке меншік есебінен 3018 шаршы метр тұрғын үй салынды, өткен жылдың деңгейінен 2,2 есеге артты.
Үй алуға кезекте — 775 адам тұр: әлеуметтік осал топтардан — 365 адам, олардың 70-і көп балалы отбасы, бюджеттік саладан – 218 адам, жетім балалар — 39 адам, соғыс мүгедегі — 1 адам, үйі апатты жағдайда — 1 адам, ауылдық округтерде кезекте тұрғандар — 127 адам.
Ауыз су жүйелерін жөндеуге 404 млн. 500 мың теңге бөлінген: ол 4 ауылда ауыз су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға 387 млн. 500 мың теңге, Қарашілік, Шолақөзек, Ойтоған ауылдарында және Көкөзек ауылында ағымды жөндеуге 17 млн. тг. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көкөзек ауылында жұмыстар толық аяқталды.
49 ауылдың 38 ауылында 77,5 пайызбен таза ауызсумен қамтылған.
Жолдар бойынша биылғы жылға 3 ауылда күрделі, орташа және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізуге оларға 650 млн. теңгеге қаражат бөлінді.
Қапал ауылына күрделі жөндеуге — 310 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөңдеу жұмыстары келесі 2020 жылы аяқталады. 2019-2020 жылдарға берілген қаражаттың барлығы — 630 млн. теңге.
Ойтоған ауылында 3 көшеге орташа жөндеуге 76 млн. 400 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні жұмыстары басталып, тамыз айында толық аяқталады.
Жансүгіров ауылында 4 көшесіне орташа жөңдеуге 145 млн. 100 мың теңге, ағымды жөндеулерге 30 млн. теңге бөлініп, жөңдеу жұмыстары тамыз айында аяқталады. Сонымен қатар, велосипед жолдарын ұйымдастыру жұмыстарына 79 млн. 900 мың теңге бөлініп, тамыз айында толығымен аяқтау жоспарланған.
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша биылғы жылы Сағабүйен-Сырттанов жолында 6 шақырым орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жансүгіров — Ақсу — Ойтоған» тас жолында ағымды жөндеу жұмыстары толығымен маусым айында аяқталды.