Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері өз таңдауын жасады


Гаврил Степанович Моисеев, Ақсу жеріндегі жалғыз ҰОС ардагері. Ғасыр жасаған қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді.

«Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев.
Жалпы, Ақсу жұртшылығының сайлауға деген белсенділігі жоғары деңгейде көрініс беруде. Аудандық сайлау комиссиясына үйден дауыс беруге … өтініш келіп түскен. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 43 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.

Мәліметпен бөлісу: