Ақсу ауданындағы бірқатар учаскелерде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Ақсу ауданында республикалық референдум күні бірқатар дауыс беру учаскелерінде тұрғындар үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, №2, №32, №33 және №35 референдум учаскелерінде концерттік бағдарламалар өткізіліп, жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Концерт барысында ұлттық әндер шырқалып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Бұл шаралар референдум күніне ерекше атмосфера қалыптастырып, дауыс беруге келген тұрғындардың көңілін көтерді.

Мәліметпен бөлісу: