Ақсу ауданында референдумға халықтың келуі белсенді

Ақсу ауданында республикалық референдумға тұрғындардың қатысуы жоғары деңгейде өтуде. Аудан бойынша референдум учаскелері өз жұмыстарын таңғы сағат 07:00-де бастады. Осы уақыттан бастап тұрғындар дауыс беру учаскелеріне келіп, белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр.

Көптеген тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, Наурыз мерекесінің қарсаңындағы ерекше атмосфераны сезіндіруде. Учаскелер ұлттық нақышта безендіріліп, кейбір жерлерде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылған.

Бұл көрініс референдум күніне мерекелік реңк беріп, халықтың бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін айқындай түсті. Тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

Ақсу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Жұмабековтың айтуынша, аудан бойынша дауыс беру учаскелерінде жұмыс белгіленген тәртіпке сай жүргізілуде.

«Ақсу ауданы бойынша референдум учаскелері өз жұмыстарын таңғы сағат 07:00-де бастады. Қазіргі уақытта халықтың келуі жақсы, тұрғындардың белсенділігі артып келеді», – деді С.Жұмабеков.

Мәліметпен бөлісу: