Ақсу ауданында ҰОС ардагері өз таңдауын жасады

Гаврил Моисеев, Ақсу жеріндегі жалғыз ҰОС ардагері. 1 ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді.


«Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Жасы мен жасамысы мұндай жауапты сәтте қалыс қалмауы керек. Әсіресе жастар мемлекетке қатысты саяси науқанда қол қусырып қарап отырмауы тиіс. Елдің гүлденуі халыққа байланысты. Егер республиканың тұрғындары тым белсенді болса барлығы оң шешімін табады»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев.
Айта кетейік, Аудандық сайлау комиссиясына үйден дауыс беруге 86 өтініш келіп түскен. Жалпы алғанда осы уақытқа дейін аудан көлемінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлауға 24609 адам дауыс беріп үлгерді. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 43 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.

Мәліметпен бөлісу: