19 ақпан күні Ақсу ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Есжановтың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг барысында бағдарламаны іске асыру бағытында ел дамуына өз септігін тигізетін атқарылған, алда атқарылатын жобалар мен іс-шаралардың орындалу барысы жайы кездесуге қатысушыларға таныстырылып, қатысушылар мен БАҚ өкілдерінің тарапынан айтылған сауалдарына жауап берілді.