Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды.
Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі және оны арнайы құрылған комиссия ұйымдастырады.
Дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс беруге құқылы. Дауыс беру бюллетендері қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумда азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беруі керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».
Ақсу ауданы бойынша 42 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Аудан бойынша 22 359 дауыс беруші тіркелген.
Референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!