Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 29 сессиясын аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сүлейменов жүргізді. Аудандық мәслихаттың сессиясына аудан әкімі Е.С.Базарханов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім меңгерушілері, аудандық ардагерлер алқасының мүшелері,қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округтері әкімдері, аудандық бөлімдер мен мекемелер басшылары, баспасөз қызметкерлері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сәйкес «Ақсу ауданының әкімі Е.С.Базархановтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөнінде аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы» мәселесі тыңдалды. Баяндаманың тезистері «Ақсу өңірі» газетінің 2022 жылғы 26 тамыздағы №33(10132) нөмерінде жарияланып, аудан тұрғындары баяндамамен таныс-ты. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі Есім Сейілханұлы Базарханов баяндама жасап, аудан бойынша атқарылған жұмыстар бойынша кеңінен талдап, есеп берді. Баяндама аяқталған соң, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Аудандық мәслихаттың депутаты Марат Дәулетұлы Естібаев және аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы жарыссөзде сөйлеп, атқарылған жұмыстардың ауқымын және келесі жылы жаңа деңгейде атқарылатынына сенім білдіріп, аудан әкімінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Есеп беру қорытындысы бойынша атқарылатын шаралар ауқымын анықтап, олардың орындалуына бақылау қою аудан әкімі аппаратына жүктелді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ақсу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №17-63 «Ақсу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу» туралы мәселесі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызы хабарлама жасады. Сонымен қатар «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу» және «Ақсу ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
АҚСУ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫ.