АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Ақсу ауданы «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында депутаттық фракция отырысы өтті. Фракция жұмысын аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Уәлиев Талғат Сайлаубекұлы жүргізді.

Жиынға «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Жакупов Серікхан Амангелдіұлы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы, аудан депутаттары және мекеме басшылары қатысты.

Отырыста «AMANAT» партиясы Ақсу ауданы Жол картасының орындалуына депутаттардың мониторинг жұмыстарын жүргізгені туралы, депутаттық сауал жолдағаны, депутаттардың атқарған жұмыстары тыңдалды.

Ақсу аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі болып Жакупов Серікқан Амангелдіұлы тағайындалды.

Атқарылған шаралар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде тұрақты түрде жарияланып отыру керектігі тапсырылды.

Мәліметпен бөлісу: