
2024 жылдың 26 шілде күні «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының мәжіліс залында кезекті «Депутаттық фракция отырысы» өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының көрсеткіштерінің аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде орындалуы туралы;
- «Бизнестің Жол картасы 2020-2025» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аудандық кәсіпкерлік бөлімінде орындалуы туралы;
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару тураkы тапсырмасының аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде орындалуы туралы.
◾ Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде түскен сауалдардың орындалуы туралы ауыл тұрғындарымен кездесу, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін.
◾ Атқарылған шаралар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде тұрақты түрде жарияланып отырсын.