САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА
Ақсу аудандық мәслихаты
депутаттығына № 3 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат
ҚАПАР ҚАЛИ
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Қапар Қали, 1983 жылғы 14 наурызда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық округінде дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрамын.
2004 жылы Шыңжаң өнер институтына оқуға түсіп, 2007 жылы «Музыкант» мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды 2008 жылы Молықбай Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде бастадым. Еңбек еткен жылдарымда мәдени-көпшілік іс-шараларға, театр қойылымдары мен ансамбльдік жұмыстарға белсене қатысып келемін. Ақсу халық театрының құрамында бірқатар қойылымдарда басты рөлдерді сомдадым.
2016 жылдан бастап Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйінің фотостудиясының жұмысын жүргізіп келемін. Мәдени іс-шараларға арналған бағдарламаларды, шақыру билеттері мен дипломдарды әзірлеуге қатысамын. Сонымен қатар концерттік іс-шараларға арналған бейнематериалдарды монтаждау және оларды LED-экран арқылы көрсету жұмыстарын жүзеге асырамын.
Фотоөнер саласында тәжірибесі мол, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде шығармашылық ізденіске ерекше мән беремін. Мәдени іс-шаралардың мазмұнды әрі сапалы өтуіне өз үлесімді қосып келемін.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Менің көпжылдық еңбек жолым мәдениет пен өнер саласына арналған. Музыка, театр және фотоөнер бағыттарында жинақтаған тәжірибем шығармашылықтың қоғам өміріндегі маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осы тәжірибемді ауданның мәдени әлеуетін арттыруға, өнер адамдарына қолдау көрсетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағыттағым келеді.
Осы мақсатта төмендегі бағыттарға басымдық беремін:
— Ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін көтеру;
— Театр, музыка және шығармашылық ұжымдардың жұмысын қолдауға ықпал ету;
— Аудандық мәдени іс-шаралардың мазмұны мен сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау;
— Қазақтың дәстүрлі музыкасын, ұлттық өнерін және салт-дәстүрін кеңінен насихаттау;
— Өнерге қызығатын жастардың қабілетін дамытуға арналған жобаларды қолдау;
— Мәдениет үйлері мен шығармашылық кеңістіктердің жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру;
— Мәдениет қызметкерлерінің өзекті мәселелерін тиісті деңгейде қарастыруға атсалысу.
— Тұрғындардың мәдениет пен өнерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді көтеру;
МАҚСАТЫМ – ӨНЕРГЕ ҚОЛДАУ, МӘДЕНИЕТКЕ ДАМУ, ЖАС ҰРПАҚҚА МҮМКІНДІК
Құрметті жерлестер!
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал өнер – ұрпақтарды байланыстыратын алтын көпір. Сондықтан ауданымыздың мәдени өмірін жандандыру, шығармашыл азаматтарға қолдау көрсету және ұлттық мұрамызды сақтау баршамыз үшін маңызды міндет деп білемін.
Мен өзімнің музыка, театр және фотоөнер салаларындағы тәжірибемді пайдалана отырып, мәдениет мекемелерінің әлеуетін арттыруға,…
Бір мақсат, ортақ мүдде – ауданымыздың тұрақты
дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – баршамызға ортақ міндет.
Аудандық мәслихат депутаты ретінде ауылдардың өзекті мәселелерін көтеруге, тұрғындардың мүддесін қорғауға, жол сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарға мүмкіндік жасау бағытындағы бастамаларды қолдауға күш саламын.
Менің басты ұстанымым – әділдік, ашықтық, жауапкершілік және нақты нәтижеге бағытталған жұмыс. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы мен үшін маңызды. Халықпен тұрақты байланыста болып, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге дайынмын.
Құрметті сайлаушылар!
Сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауыңызды жасаңыздар! Өз таңдауыңыз арқылы ауданымыздың болашағына үлес қосыңыздар!
Дайындаған: Qprint Мекен-жайы: Жібек жолы, 46
Басып шығарылған: 200
Таралымы 200 дана.
Тапсырыс беруші: Боранғалиұлы Ерғали
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
