Ақсу аудандық мәслихатыдепутаттығына  № 2 бірмандатты сайлау округібойынша кандидат АСЫЛҒОЖАҰЛЫ АЗАМАТ

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА


Ақсу аудандық мәслихаты
депутаттығына  
№ 2 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат

АСЫЛҒОЖАҰЛЫ

АЗАМАТ

Құрметті сайлаушылар!

           Мен, Асылғожаұлы Азамат, 1986 жылғы 2 наурызда Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрамын.

2012 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2007 жылы Алматы қаласындағы «Helios» ЖШС-нің күзет қызметінің қызметкері болып бастадым. 2011–2013 жылдары Алматы қаласындағы «Солнечный» сүт зауытында жұмысшы болып еңбек еттім. 2014–2017 жылдары Талдықорған қаласында Алматы облыстық прокуратурасында жүргізуші қызметін атқардым.

2019–2020 жылдары Ақсу ауданының Б. Сыртанов ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман – іс жүргізуші болып жұмыс істедім.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мансап» мансап орталығында бас маман болып қызмет атқарып келемін.

Қызметім аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, азаматтар мен жұмыс берушілерге консультациялық көмек көрсету, еңбек нарығына талдау жүргізу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағыттарында жұмыс істеймін.

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Аудандық мәслихат депутаттығына бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, ауылдардың дамуына ықпал ету және халықтың тұрмыс сапасын арттыру.

Осы мақсатта төмендегі бағыттарға басымдық беремін:

      —  Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау жасауға атсалысу;

      — №3 бірмандаттық сайлау округіне қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету;

       — Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетілуіне атсалысу;

       — Жастарды жұмыспен қамтуға, олардың бастамаларын жүзеге асыруға және патриоттық тәрбиесіне бағытталған жобаларды қолдау;

       — Сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп, тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары мен талап-тілектерін назарға алу;

        — Азаматтардың арыз-шағымдарында көтерілген мәселелердің заң аясында қаралуына және шешілуіне ықпал ету;

        — Тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, олардың шешу жолдарын тиісті органдармен бірлесіп қарастыру;

        — Ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау;

        — Ауыл шаруашылығын дамытуға, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылуына ықпал ету;

        — Ауыл тұрғындарының ауызсу, жол, электр энергиясы, интернет және ұялы байланыс сапасына қатысты мәселелерін көтеріп, олардың шешілу жолдарын қарастыру;

        — Мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шараларының тұрғындарға қолжетімді болуына және олардың тиімді іске асырылуына атсалысу.

       Мен үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындармен ашық байланыс орнату және өзекті мәселелердің шешілуіне нақты үлес қосу. Әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, елді мекендердің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды тұрақты назарда ұстаймын.

       Құрметті сайлаушылар!

       Ауданымыздың дамуы мен ауылдарымыздың өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Тұрғындардың ұсыныстарын ескеріп, өзекті мәселелерді бірлесе шешу арқылы елді мекендеріміздің әлеуетін арттыруға және келешек ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға болады.

       Сіздердің сенімдеріңізді ақтау жолында жауапкершілікпен еңбек етіп, халықтың мүддесін қорғауға және ортақ мақсаттарымыздың жүзеге асуына өз үлесімді қосуға дайынмын.

АУЫЛ ДАМУЫ ҮШІН – НАҚТЫ ҚАДАМДАР!АУЫЛ ДАМУЫ ҮШІН – НАҚТЫ ҚАДАМДАР!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – ортақ мақсатымыз.

Аудандық мәслихат депутаты ретінде әр ауылдың мәселесін көтеруге, тұрғындардың мүддесін қорғауға, сапалы жолдар, әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктердің дамуына ықпал етуге күш саламын.

Менің ұстанымым – әділдік, ашықтық, жауапкершілік және нақты іс.

Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға әрдайым ашықпын. Халықпен бірлесе отырып, ауданымыздың дамуына үлес қосуға дайынмын.

Сайлауға қатысып, азаматтық таңдауыңызды жасаңыздар!

Дайындаған: Qprint  Мекен-жайы: Жібек жолы, 46

Басып шығарылған: 200

Таралымы  200 дана.

Тапсырыс беруші: Асылғожаұлы Азамат                     

   Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Мәліметпен бөлісу: