САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат
ЕРҒАЛИЕВ
ЖАНАЙ
БЕКСҰЛТАНҰЛЫ
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Ерғалиев Жанай Бексұлтанұлы, 1978 жылғы 18 ақпанда Алматы облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрамын.
Жоғары білімім бар. 2003–2007 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алып, «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1995 жылы Ақсу қант зауытының қызылша өңдеу цехында 2-разрядты слесарь болып бастадым. 1995–2000 жылдары осы қызметті атқардым. 2001–2003 жылдары Ақсу аудандық әскери комиссариатында жүргізуші болып жұмыс істедім.
2009 жылы «Ақсуирригация» мекемесінде инженер-гидротехник қызметін атқардым. 2009–2017 жылдары Есеболатов ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман – салық инспекторы болып жұмыс істедім. 2017–2018 жылдары Есеболатов ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2018–2021 жылдары Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі болдым. 2022–2025 жылдары осы бөлімде бас маман қызметін атқардым.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жанұя» отбасыны қолдау орталығында бас маман болып қызмет атқарып келемін.
Еңбек жолымда өндіріс, инженерлік-техникалық сала, жергілікті атқарушы орган және әлеуметтік қорғау бағыттарында тәжірибе жинақтадым. Әр жылдары атқарған қызметтерім тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен етене танысуға, жергілікті жердің өзекті мәселелерін түсінуге және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мен, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде, туған өлкемнің дамуына үлес қосуды, тұрғындардың мүддесін қорғауды және ауылдарымызда қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты мақсатым деп санаймын.
Көпжылдық еңбек тәжірибемде ауыл тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік мәселелерімен және жергілікті жерлердегі қажеттіліктерімен таныстым. Әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету және ауылдардың тұрақты дамуына ықпал ету – мен үшін маңызды міндеттер.Депутаттық қызметті халық алдындағы жауапкершілік деп түсінемін. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін назарға алып, оларды тиісті деңгейде көтеруге, заң аясында шешу жолдарын қарастыруға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға күш саламын.
— ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, көшелерді абаттандыру және қоғамдық орындарды ретке келтіру мәселелерін назарда ұстау;
— тұрғындарды сапалы ауызсумен, тұрақты электр қуатымен және қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдау;
— ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға атсалысу.
— аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге ықпал ету;
— мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қажеттіліктеріне сай жағдай жасау мәселелерін көтеру;
— жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдау;
— отбасы институтын нығайтуға, ата-аналар мен балалардың құқықтарын қорғауға және отбасындағы әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған жұмыстарға атсалысу.
— жастардың, жұмыссыз азаматтардың және әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеру;
— кәсіптік оқыту, қайта даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру бағытындағы бастамаларды қолдау;
— шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобаларға қолдау көрсету;
— мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруға атсалысу.
— мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті жобаларға бөлінетін бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау жасауға атсалысу;
— бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуын назарда ұстау;
— шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары, субсидиялар және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету;
— суармалы жерлерді тиімді пайдалану, су жеткізу жүйелерін жақсарту және су ресурстарын үнемдеу мәселелеріне назар аудару;
— ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін өндірістік және кәсіпкерлік жобалардың жүзеге асырылуына атсалысу.
— ауыл тұрғындарының ұялы байланыс пен интернет сапасына қатысты мәселелерін назарға алу;
— сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдау;
— азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарында көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тиісті органдармен бірлесіп қарастыру;
Құрметті жерлестер!
Ауданымыздың өркендеуі мен ауылдарымыздың болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бірлік пен өзара сенім арқылы ғана алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін тәжірибемді, білімімді және күш-жігерімді ел игілігіне жұмсауға дайынмын. Әрбір ауылдың мәселесі назардан тыс қалмай, тұрғындардың ұсыныстары нақты істерге ұласуы үшін жұмыс жүргіземін.
Бір мақсат, ортақ мүдде – ауданымыздың тұрақты
дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – ортақ мақсатымыз.
Аудандық мәслихат депутаты ретінде әр ауылдың мәселесін көтеруге, тұрғындардың мүддесін қорғауға, сапалы жолдар, әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктердің дамуына ықпал етуге күш саламын.
Менің ұстанымым – әділдік, ашықтық, жауапкершілік және нақты іс.
Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға әрдайым ашықпын. Халықпен бірлесе отырып, ауданымыздың дамуына үлес қосуға дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: Qprint Мекен-жайы: Жібек жолы, 46
Басып шығарылған: 200
Таралымы 200 дана.
Тапсырыс беруші: Ерғалиев Жанай Бексұлтанұлы
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
