Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының атынан Сіздерді 25 қазан Ұлттық мерекемізбен шын жүрек, ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Қымбатты жерлестер!

Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін ай­тып, араға біраз жыл салып қайта тойлауға шешім қабылдады.

Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс — тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни, жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді.

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жет­кен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак­торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.

Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық Сондықтан бұл құжаттың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы бо­лып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ — дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табыс- ты, барлық бастамаларың сәтті болсын!

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты бол­сын!

Бейбіт СҮЛЕЙМЕНОВ,

Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: