Ақсу аудандық коалициясы мүшелері Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп ұжымымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақсу ауданы, Қопа ауылында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалициясы мүшелері Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп ұжымымен, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиынға Ақсу аудандық коалиция мүшелері Құрманғалиева Алма, Темірбеков Сапарғали қатысып, конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызына тоқталды.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Пікір алмасу барысында қоғам үшін маңызды өзгерістер кеңінен талқыланды.

Жаңа Конституция – мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Ол уақытша бастамаларға емес, нақты институттар мен айқын рәсімдерге негізделеді. Бұл – басқару жүйесін күрделендіру емес, керісінше оны жетілдіру, шешім қабылдау сапасын арттыру және жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жүйелі өзгеріс.

Мәліметпен бөлісу: