Ақсу агро-техникалық колледжінде дөңгелек үстел өтті

Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында орналасқан Ақсу агро-техникалық колледжінде студенттердің қатысуымен конституциялық реформаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының мүшелері Алма Жанатбекқызы, Баян Дәулеткелдіқызы, Марат Дәулетұлы, Таңат Балтабекұлы қатысты.

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағын айқындаудағы рөлі атап өтілді.

Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысқан 50 студент өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Жастар тарапынан елдегі жаңғыру үдерістеріне қызығушылық пен белсенділік байқалды.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Мәліметпен бөлісу: