Адамгершілігі мол, әділдіктен айтқымайтын өзінің атқарып отырған қызметіне өте жауапкершілікпен қарайтын адамның бірі де бірегейі де Оралбек аға деймін. Өзінің қарапайымдылығы, құрылыс саласындағы білімділігі мен іскерлік, ұйымдастыру қасиеті сол кездегі үлкенді — кішілі қол астындағы әріптестеріне үлкен өнеге болып қалды.
Оралбек Нұрсейітұлы Жақиянов ағаны 1983 жылынан Қапал ЖМК 2311 құрылыс мекемесінде өндіріс меңгерушісі болып жұмыс істеп жүрген кезде біле бас-тадым. Ол кезде Оралбек Жақиянов Талдықорған облыстық ауылқұрылыс тресінің басқарма бастығы еді. Сол кезде Талдықорған ауылқурылыс тресінің құрылыс мекемелері облысымыздың барлық аудан қалаларында бар еді. Бұл құрылыс мекемелері /ПМК, СПМК, УПТК, КСМК. УМС АтП/ облысымызда, аудандардың елді мекемелерінде әлеуметтік, өндірістік және тұрғын үйлердің ғимараттарын салумен айналысып жатушы еді.
1987 жылы Оралбек Жақиянов ағамыз Қапал ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы болып келді. Орлбек ағамызды жары көп ұзамай ПМК 2311 /Жылжыма құрылыс колонасына/ Өндіріс жоспарлау бөліміне инженер болып келіп бір бөлімде қызмет істей бастадық. Осы бөлімнің бастығы қызметін атқарып жүрген маған Оралбек ағаның жан ұясы сыртай маған жақсы таныс болып сол кезде маған үлкен өнеге қалыптастырды. Қапал жеріндегі құрылыс саласының бойына бұрынғыдан бетер қан жүгіріп халықтың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары көтерілгені сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бүгінгі күнге дейін еске алып отырады. Тарихи уезд орталығы — қала болған Қапалымыздың бағы ашылып көркейе бастады. Көшелер абаттандырылып, айналма көше салынды. Орталықтан Арасан ауылына тура кететін үлкен көпір салынып жаңадан асфальт төселген жол салынды. Шыңбұлақ шатқалында қыс кезінде жол қатынасы қиындап халықты әбігерге салушы еді. Оралбек Жакиянов осы жолға бар күш жігерін сала жүріп қаржы бөлдіріп, түзулетіп биік көпір салдырды. Қасиетті Қапал жұрты, жол қатынасындағы жүргізушілер, келіп қайтушы жолаушылар бүгінгі күндері игілігін көріп отыр. Қапалдың Арасанға шыға берісінен Қапалға айналма көше салынып бір жағына сол кездегі 2 пәтерлі 48 сериялы үйлер салынып, көп жас жануялар, пәтер кезегіндегілер қоныс тойын тойлап қуанышқа бөленді. Орталық демалыс паркінің аумағы қоршалып Қапалдан қалаға шыға берісте үлкен парктің іргесі қаланды. Халыққа сылдыр сөзбен емес ісімен дәлелдеп, мұң — мұқтажын ойлап жанашыр болған, болада білген ел басқарған ағаларымыздың бірі де, бірегейі де Оралбек Жақиянов ағамыз деп айтуға бүгінгі еңбек ардагері мен Қапал жұрты атынан айтып ризашылығымды білдіре аламын. Қазақ халқының «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» — деген ұлағатты сөз осындай ризашылықтан қалғаны бекер емес.
1980 — 90 жылдар аралығында Қапал ауданының өсіп өркендеу, абатану кезі болғанының куәсі болдым. Жаңадан қазіргі Ғали Орманов мектебінің, Орталық аурхананың, Мемлекеттік, банкының ғимараты 3 қабатты байланыс торабының, қазіргі Колледж ғимараты бұзылып кеткен 5 қабатты үй ғимараттары сол кездегі дөңгелек жабық базар т.б. көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер Оралбек ағамыздың ұйымдастыруымен, не тікелей ықпалымен іске асқанынын сол кезде қарамағында еңбек еткен біздің жақсы есімізде. Қапаалдың Арасан ауылына шыға берісінің сол жағына футбол алаңы тегістетіліп жолдың оң жағынан үлкен балабақша, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, жылу орталығы салыну жоспарланып іске аса бастаған. Бірақ Оралбек Нұрсейітұлы Жақиянов ағамызды қызмет бабымен Талдықорғанға ауыс-тырды. Өкінішке орай, жақсы ағамыздың бастаған жақсы істері жалғасын таппай қалды. Қапал ауданына Оралбек Жақиянов ағамыз 2 — 3 жыл ерте келіп қызмет бастап, тағы 2 – 3 жыл кейінірек кеткенде Қапал ауылы және аудан көлемінде көркейіп гүлденіп кетері анық еді. Қапалдан кейін ағамыз көптеген жауапты қызметтер атқарып, елімізде еңбек еткен жерлерінің көркейіп, өсуіне көп еңбек сіңірді. Парламент мәжілісінің депутаты болды. Алматы облысының «Құрметті азаматы», Талдықорған қаласының, Алакөл, Ақсу аудандарының «Құрметті азаматы» Жақиянов Оралбек ағаға қасиетті де тарихи өлкенің халқы-ның ізгі ниетін білдіремін. Осы Сіздің іске асырған жетістіктеріңізде жарыңыз Ғалия тәтенің алатын орны ерекше екенін білеміз. Екі ұл, бір қыз өсіріп, білім әперіп қазақи тәрбиені бойларына сіңдіріп, олардан немере — шөбере сүйіп отырсыздар. Оралбек ағамыз құдай қаласа биылғы жылдың наурыз айының басында 80-нің сеңгіріне шыққалы отыр. Осы мерейлі жасқа келген Оралбек ағаға ағынды Ақсу халқынан, оның ішінде өзіңіз еңбек етіп, көп еңбегіңіз сіңген қасиетті Қапал жерінің халқынан Сіздердің жанұяларыңызға ізгі жақсы жылы лебіздерімізді білдіреміз.
Сіздердей аға — тәтелеріміздің тәрбиесін көріп, үлгі тұта берейік!
Ақылбай ТАСБАТЫРОВ,
еңбек ардагері.