Халық ел болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді. Нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансысының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті. Бұл дегеніміз халқымыздың ел болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады. Жетісу облысында 68 пайыздан астам халық референдумға қатысқан.
Бұл кейбір облыстармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өзім даус беруге барғанда ел үшін алаңдаған халықтың қарасы көп болды. Олар болашақ үшін дауыс берді.
Меніңше соңғы шешім де экзитпол төңірегінде шығады. Бұл – халық таңдауы. Біз АЭС салсақ қуат тапшылығының мәселесін шешеміз. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық міндеттерді жақсартып қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Осы арқылы елімізді жаңғыртуға кірісеміз. Сондықтан біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына әсер етеді.
Молдаханова Ғалия Каметқызы — депутат Талдыкорганского городского маслихата