Талдықорғанда дауыс беруге жастардың көп келгені көңіл қуантады – бақылаушы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы №429 учаскеде «Аmanat» партиясының атынан бақылаушы болып отырған Кәмшат Шәріпқұлова учаскедегі жағдай туралы айтып, жалпы ахуалға қатысты ой бөлісті.
Бақылаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қатты байқалған.

Сайлауға дауыс беруге жастар көп келді. Бұл – көңіл қуантарлық. Сонымен қатар үлкен буын аталарымыз бен апаларымыз кішкентай немерелерімен сайлауға қатысып кетті, – дейді ол.

Учаскеге сайлаушылардың жартысынан астамы келіп, дауыс берген.

Қазір сайлаушылардың шамамен 50% астамы дауыс беріп кетті. Бүгінгі біздің таңдауымыз – ертеңгі жарқын болашағымыз, – дейді Кәмшат Шәріпқұлова.

Мәліметпен бөлісу: