«Абзал ана отауы» дауыс берді

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады.

Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

«Еліміздің өсіп-өркендеу жолындағы маңызы зор таңдау болғандықтан, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жүрген әжелер ансамблі қолдау танытайық, жастарға батамызды берейік, мерекелік көңіл-күй сыйлайық деп дауыс беру учаскелерін аралап жүрміз. Өзіміз де елімізге, жерімізге жанашыр азамат ретінде даусымызды бердік. Халықтың көңіл-күйі тамаша. Жерлестерімнің азаматтық белсенділік танытып, мемлекетіміздің келешегі үшін үлестерін қосып жатқанына ризамын», – деді «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Бектұрова.»Жетісу-Ақпарат»Текелі қаласы

Мәліметпен бөлісу: