Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігіне тоқталды. Елімізге АЭС салу мәселесі бір жыл көлемінде қоғамда ашық талқыланды. Түрлі сарапшылар АЭС не үшін керек және мұның жылу, жел және су станцияларынан артықшылығы қандай деген сауалға жауап іздеді.
Мен талай жыл ауылшаруашылығы саласына еңбек еткен зейнеттегі агроном ретінде айтатыным — АЭС – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология.
Қазіргі таңда климаттың өзгеруіне және экологияның нашарлауына байланысты бүкіл әлем түрлі сын — қатермен бетпе — бет келіп отырғанын жақсы түсінеміз. Сондай-ақ ол уақыт өткен сайын электр энергиясының тапшылығы артып отырғанын байқатады. Бүгінде еліміздегі энергия өндірісінің негізгі көлемі, яғни 70 пайыздан астамы көмір электр стансаларына тәуелді. Ал, атом электр стансасы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі. АЭС-тің көмір стансаларынан айырмашылығы зор. Аталған сала қоршаған ортаны улы газдармен, күлмен немесе құрамында мұнай өнімдері бар зиянды қалдықтармен ластамайды. Бұл – атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтін, экономикамыздың дамуына тың серпін беретін таза және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді
Есқали Есенов,
зейнеткер агоном.