Қызылағаштықтар жарқын болашақты таңдайды

Қазақстан жоба бойынша АЭС-тің ең қауіпсіз түрін таңдап отыр. Ал, апат болған Чернобыль мен Фукусимада ескі әдіс қолданылған.
Түсіндіре кетсек, АЭС реакторы сумен жұмыс істейді, нақты айтсақ, ысытылған су турбиналарды айналдыру арқылы қуат көзін өндіреді. Сонымен қатар, реакторды сумен салқындатады. Бұрын реакторлар бір контурлы салқындату әдісімен жұмыс істеді. Апат болған АЭС-тер осы әдісті қолданды. Яғни, бір контурлы салқындату – реакторды бір ғана желі салқындатады деген сөз. Қазір екі контурлы салқындату әдісі қолданады. Бірінің жұмысын екіншісі жандандырады. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан әлдеқайда тиімді екен. Осындай тұщымды ойларын ортаға салған АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Амангелді Толамисов Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылының тұрғындарын алдағы референдумда белсенді болуға шақырды.

«Әлемде салыну әдісі мен технологиясына сай АЭС-тер бірнеше буынға (поколение) бөлінеді. Әзірге айшықталған 5 буын бар. Соның төртеуі жүзеге асқан, соңғы буын әзірге жүзеге асқан жоқ. Апат орын алған екі стансы да ІІ буынға жатады. Бұл 1967 жылы салынған реакторлар. Ал біз ІІІ+ буынды реактор салуды көздеп отырмыз. Жүзеге асқан жалғыз V буынның АЭС-і Қытайда. Қазақстанның таңдауы түскен буындағы АЭС-тер әлемде өз қауіпсіздігін дәлелдеді. Сондықтан жарқын болашақ үшін әрбір қазақстандық 6-қазанда дауыс беруі керек», — деді Амангелді Толамисов.

Қызылағаш ауылының тұрғындағы саяси науқанда қалыс қалмауға, энергетикалық тәуелсіздікке бастайтын жобаны қолдауға дайын екенін бір ауыздан мақұлдады.

Мәліметпен бөлісу: