Қыркүйек айының 2 жұлдызында мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы әдеттегідей елімізге Жолдауын жолдады. Жолдауды барлығымыз тыңдап, Жолдауда айтылған басым бағыттар, еліміздің даму перспективаларын жоғарылататын басымдықтар және АЭС құрылысының маңыздылығы жайлы, 6 қазанда өтетін референдумның болашаққа ашар алтын қақпа екенін аңғардық.
Облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен осы бағытта Алматы қаласындағы «Ядролық физика институтына» Ақсу ауданы бойынша делегат болып барып қайттық. Осы сапарымызда мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен энергетикалық тәуелсіздігіне, шет елдерге деген тәуелділіктен арылуға АЭС-тің берер мүмкіндіктері, өндіріс пен кәсіпкерілктің, білім мен ғылымның, медицинаның, ауыл шаруашылығының дамуына берер серпіні мол екенін байқадық.
Атап айтар болсақ, АЭС – да барлық елімізді электр қуатымен толық қамтамасыз ете алатынын және тек қана электр қуатын шығармай бұл жерде медициналық және өндірістік материалдар дайындалып, елімізге және шет елдерге экспортқа шығарылатынын білдік.
Дастан СОВЕТБЕКОВ,
Ақсу аудандық кітапханасының әдіскері.