Айдың басында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді кеңінен көтерген мемлекет басшысы, ойда жүрген көптеген түйткілді тақырыптарды ашып айтты. Соның ішінде атом электр стансасын салуға қатысты пікірі бәрімізді бей — жай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, Бірі дұрыс десе, біреулер қарсы болып жатады. Дегенмен халықтың дені жағдайды жақсы біліп, бейбіт атомды ел игілігіне пайдалануға қарсы емес. Қоғамның бел ортасында жүрген соң, аудандық газеттің бас редакторы ретінде атом электр стансасының артықшылықтары туралы оқырман қауымға айту біздің басты парызымыз.
Бұл мәселе негізі өткен жылдан бері айтылып келеді. Президентіміз өз сөзінде: «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады – деп, атом энергетикасы туралы айта келіп, Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан — жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім – деп нақтылап айтты.
Осы жолдаудың алдында газетіміздің жауапты хатшысы Ербол Сымханов осы мәселе бойынша Жетісу облысы бойынша делегаттармен бірге ауданнын үш адам Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барып, сол жердегі мамандардың баяндамасын тыңдап, көзімен көріп, құлағымен естіп келген әңгімесін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
– Ербол Әбдікәрімұлы, облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Алматыға барып атом энергетикасы туралы ақпарат алып қайттыңыз нақты мамандардан. Сондықтан қарапайым халыққа мамандардың пікірін, ойын, нақтылап айтып берсеңіз.
– Иә, алдымен атом энергиясының тиімділігіне тоқталсам, еліміздегі қазіргі тоқ көзін алып тұрған су элетр стансаларының су тапшылығынан болашақта тоқ көзін шығару мүмкіндігі азайып қалу қаупі бар. Ал, жасыл энергия, яғни күн көзі мен жел ден алатын тоқ көзері шағын кәсіпроындар болмаса оның да сенімділігі аз. Ал атом энергиясы барлық Қазақстанды тоқ көзімен қамтамасыз ете алады. Стансаның Балқаш көлінің маңына орналастырудың да көп себебі бар. Себебі, жан – жаққа тоқ көзін таратуға үлкен мүмкіндік.
– Атом электр стансасының тоқ көзінен басқа мүмкіндіктері бар ма?
– Иә, атом электр стансасы тек қана тоқ көзін шығармайды. Ол жерде медициналық және өндірістік материалдар шығарылады. Яғни, әр түрлі анкологиялық, т.б. жаман аурулардың алдын алатын дәрі дәрмектер мен сол аурулардың шешімін шығара алады. Ондай дәрілер біз барған институтта шығарылып, еліміздегі ауруханаларға жіберіледі екен. Сәулемен емдеу, сол сияқты сәулемен әр түрлі құбырлардағы тесіктерді табатын құрылғылар да осы жерде жасалады. Ал, өндірістік материалдар бес мемлекетке экспортқа шығарылады.
– Балқаш көлінің бойына орналасқан атом электр стансасының қалдықтары көлге, айналадағы табиғатқа зиян келтірмейді ма?
– Атом электр стансасында ешқандай қалдық қалмайды. Қалған қалдықтар жеті метр тереңдікте сақталып, оны қайтадан пайдалануға болады.
– Семей полигоны мен Чернобль апаты елдің санасында әлі жаңғырып тұр. Кейін жарылыстар болмайды ма?
– Елдің қорқатын жарылыстары болу қапінің алдын алған. Жер сілкінісіне де төтеп береді. Бұл бейбіт атом деп аталғандықтан мұнда атом бомбалары жасалмайды. Кезіндегі Чернбльдегі апат атом энергиясынан болмаған. Ол жарылыстың өз себебі бар. Қазір су – су деген екі бөліктен тұратын құрылғы ондай жарылысқа жібермейді. Осы институтта оқып жатқан мамандар, түлектер бұл жағдайды жақсы біледі. Жұмыс істей алады.
Жалпы барып естіп, біліп, келген дерегіміз осы.
Айтпақшы «Топаз» деген табиғи тасты өңдеп асыл тас-тар қатарына қосуға да осы жерде қол жеткізуге болады екен.Яғни, табиғи тас ақ түсті жылтыр болады. Оны сәулемен өңдеп, әдемі көгілдір, қара — көк түстерге бояп асыл бұйымдар жасайтын жерлерге пайдалануға береді. Негізі сәулемен көп пайдалы істер жасауға болатынын түсіндім. Бұрын мектепте физикадан «Альфа, бетта, гамма» дегенді оқыдық қой. Сол гамманың құдіреті қаншалықты екенін осы жерде түсіндім. Бастағы, мидағы ісіктерді сол сәуле арқылы ешқандай пышақпен ота жасамай, кеспей, теспей сыртынан күйдіре салатын мүмкіндіктер сол кезде пайда болады…
Ол болашақтың еншісінде.
– Әңгімеңізге рахмет. Аз да болса қарапайым халыққа қарапайым тілде жеткізе алдыңыз деп ойлаймын.
Ләззат Қасымбекова,
«Ақсу өңірі» газетінің директор – бас редакторы.