Ақсу ауданы бойынша бір күнде, яғни 10 қыркүйекте «Aqsy jastary-ның» ұйымдастыруымен барлық ауылдық округтерде жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушылар мен еріктілердің қатысуыменен «Бейбіт атом үшін» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға аудан бойынша 100 – ден аса жастар мен еріктілер тартылды.
Акция барысында ауыл тұрғындары мен жастарына үлестірмелі парақтар таратылып, Атом электр станциясын салуды қолдайсыз ба? – деген сауалнамалар жүргізіліп, АЭС – тің елімізге пайдалы екені түсіндірілді. Сондай – ақ, 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, дауыстарын беруге шақырды.