Бүгін 10 қыркүйек күні Ақсу агротехникалық колледжінде «Атом энергетикасы — ел дамуының болашағы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жармуханбетов Нұрлан Жармуханбетұлы ашып, колледждің математика пәнінің оқытушысы, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Ядролық физика институтының» түлегі, яғни осы саланың маманы Баяхметов Аділет Кәкенұлы толық ақпарат беріп, АЭС еліміз үшін пайдасы, Неліктен АЭС – тің Балқаш маңына салынатындығы туралы, АЭС – да өндірілетін өндірістік және медициналық иатериалдар жайында және АЭС – тің гидроэлектр станциясы мен жасыл энергия, яғни жел мен күннен алынатын энергиядан артықшылығы туралы толық ақпараттар берді.
Білімгерлер атом энергетикасы жайлы ақпараттармен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.