АЭС 2035 жылға қарай атом энергетикасының үлесін 12%-ға арттырады

Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды.

Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың үгіт-насихат жұмысы аясында «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды облыстық халықтық штабтың төрағасы Нұрбек Қарасаев ашып, АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар штаб мүшесі Марат Молдагулов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті. 

Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды.

– Атом электр стансалары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. АЭС қалдықтарының көлемі басқа өнеркәсіп қалдықтарымен және одан да жоғары жылу электр стансаларының қалдықтарымен салыстырғанда аз. АЭС пайдалану кезінде әрбір 1 ГВт орнатылған қуаттылыққа немесе 60 жыл жұмыс істегенде 3 600 тоннаға жылына шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдық түзіледі. Әлемнің түрлі еліндегі атом электр стансаларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растады, – деді штаб мүшелері.

Мәліметпен бөлісу: