Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесінің түп тамыры балабақшадан бастау алары сөзсіз.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ел ағаларының қолдауымен Қазақстан Респуликасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен іске асыру аясында Кеңжыра орта мектебінде 50 балаға арналған 2 топтық шағын орталық күрделі жөндеуден өтті. Бәрі талапқа сай . Күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақшұлы , әкімшілік тарапынан Жаңабаев Аслан Исбекұлы мектеп директоры Қуатбекова Салтанат Нұргұмарқызы арнайы қатысып . Ұлағатты ұстаз Алаңбаев Қасымғали ағамызмыз бен Сабырбаев Амандос Ақшұлы ақ ниетпен бата беріп лентасын қиды.
Ата –аналар шашуларын шашып , келген қонақтарға , балабақша ұжымына ақ тілектерін білдірді. Шағын орталықтын ашылуы ауылымыздың кішкентай бөбектеріне , олардың ата-аналарына қуаныш сыйлады деген ойдамыз. Балабақша жаңа талапқа сай жиһаздармен түрлі құрал –жабдықтармен ойыншықтармен, ыстық су, суық су дәретхана толықтай қамтамасыз етілген. Балабақшаның күрделі жөнделуіне бір кісідей үлестерін қосқан білім бөлімінің басшысы Б.Рамазановқа, мектеп директоры С.Қуатбековақа балабақша ұжымы , ата-аналар ризашылығын білдіруде.
Жақыпбаева Гулсан Туғанбайқызы
Кеңжыра орта мектебі
шағын орталық кіші топ аға тәрбиешісі