Аудан әкімі тағайындалды

17 қазан күні, яғни сәрсенбінің сәтті күнінде    Президент әкімшілігінің келісімі және Ақсу аудандық мәслихаттың сессиясының қолдауы негізінде Алматы облысы әкімінің  өкімімен Ақсу ауданының әкімі болып Есім Сейілханұлы  Базарханов  тағайындалды.  Оны  аудан активіне облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі  таныстырды.

Есім Сейілханұлы 1978 жылы 9 ақпанда Бөрлітөбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтын, 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Білімі жоғары, үйленген. 2014 жылдан бастап Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Активте аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Айтбаев, Сиқымов атындағы орта мектептің  директоры, облыстық мәслихат депутаты  Р.Ибраимова  және  Жансүгіров  ауылының  тұрғыны  Х.Шидаев сөз сөйледі.

Л.Қасымбекова.

Мәліметпен бөлісу: