«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясының шеңберінде табиғатымызды таза ұстау мақсатында Ақсу ауданында «Таза бейсенбі» жалғасуда.
◾ Тазалық жұмыстарына ден қойып, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын орындау мақсатында «Таза бейсенбі» акциясы өтті.
◾ «Таза бейсенбі» акциясына Ақсу ауданы бойынша 136-дан астам партия мүшесі, 9 депутат, 90 мемлекеттік қызметкер аумақты тазартуға шықты.
◾ Қоқыс шығаруға 1 қоқыс тасыйтын көлік пен ауыр техникалар пайдаланылады.
◾ Ақсу ауданында акция барысында 1,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.