Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Чарапиев Руслан Тұратбекұлы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесті

Кездесуге «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары Досмухамбетов Асхат Сейденұлы, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Ақмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы, Ақсу аудандық полиция бөлімінің басшысы Абишев Талғат Алетаевич, Қызылағаш ауылдық округ әкімі Нұрлан Серікұлы, Ақсу АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция майоры Мырзахметов Мұхит Думанович қатысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарының өтініштерін тыңдап, алаяқтықтың жаңа түрлері таныстырылды. Олардың әрқайсысына пайдалы профилактикалық ақпарат жазылған парақшалар таратылды. Қазіргі уақытта Қызылағаш ауылында құқықтық тәртіп сақталуда.
Ауыл ақсақалы Асылбек Матайбек атамыз: “1-2 жыл бұрын елдің тыныштығын алған мал ұрлығы тоқталды. Қазіргі кезде ауылымыз көркеюде”,-деп өзінің алғысын білдірді.

«Халықтың бізге деген сенімі мен құқықтық тәртіп әрқашан қатар жүреді. Сенім артса – біздің жұмысымыздың көрсеткіштері де артады. Әр өлке тұрғындарымен тығыз байланыста болуға тырысамыз», — деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің орынбасары Руслан Тұратбекұлы.

”Өзіміздің қазақтың азаматтары Мемлекет бір тәртіп пен заңға бағынбаса, ол Мемлекеттің келешегі дұрыс болмайды. Сондықтан соған бірге ат салысайық. Өйткені әділеттік қоғам орнатамыз дедік па, соған бірігіп орнатайық. Сонда бәрі жақсы болады”,-дейді “AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары Досмухамбетов Асхат Сейденұлы.

Кездесу соңында су тасқынына байланысты гуманитарлық көмекке белсене қатысқаны үшін “AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасының орынбасары Асхат Сейденұлы ауыл азаматтарына алғысын айтып, марапаттады.

Мәліметпен бөлісу: