«Жетісу – кітап керуені» Астанаға жетті.

Астана қаласында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Жетісу облысының әдеби-мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің 500 дана кітаптарын сыйға тарту мәдени іс-шарасы өтті.


Мәдени іс-шараны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов ашып, Астана оқырмандары үшін 500 дана кітапты Ұлттық академиялық кітапханасына сыйға тарту етті.
Сондай ақ шара барысында 2023 жылы Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Елшібек пен журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадыр Әлімқұловтың кітаптарының тұсауы кесілді.
Әдебиет сүйер қауым үшін шарада сөз алған: журналист, қоғам қайраткері Камал Әбдірахманов, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов және Ақсу ауданының құрметті азаматы Зура Дүйсенқызы кітап – адамзат үшін асыл қазына, рухани байлық екендігін айтты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева өз сөзінде кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған және оқырмандар үшін бағалы бастамаларға сәттілік тілей отырып, кітапхана қорына 1000 дана кітап сыйға беріп, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

Шара соңында Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармониясының әншісі, мәдениет саласының үздігі Д.Сәдіқожа «Сары бидай» әні, мәдениет саласының үздігі А.Нартүйе және Жетісу облысының Д.Рақышев атындағы филармониясының «Күреңбел» триосының орындауында «Асыл арман» әндерін орындады.
Мәдени шараға Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, Жетісу өңірінен шыққан зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, БАҚ қатысты.

Мәліметпен бөлісу: