Оқушылар да Жолдауды қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы Ақсу ауданында кеңінен насихатталып, талқылануда.

Осы орайда мен аудандық мәслихат депутаттарымен бірге Қызылағаш ауылы Жансүгіров атындағы орта мектеп және балабақша ұжымымен кездестім.

Жиын барысында білім саласында ата-ана мен педагогты толғандыратын мәселе ұлт болашағы — балалардың қауіпсіздігі, балалар арасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын кеңінен талқылап, Жолдауда Президенттің осы бағытта берген тапсырмалары түсіндірілді.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген орта білім мен оқу орындарында инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасауды кеңінен қолға алуды талқыладық.

Кездесуде Жолдаудың жүзеге асырылуы бойынша жүктелген негізгі міндеттерге де тоқталдық. Білім ордасының құрамы көптеген тың идеяларымен бөлісіп, Жолдаудағы негізгі тармақтар бойынша пікір алмасты.

Жетісулықтарды Жолдауды қолдап, іске асыруда белсенділік танытуға шақырамын.


Данияр Ахмолдаев
І.Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры’
Облыстық мәслихат депутаты.
#jetisumaslihat #jetisuamanat

Мәліметпен бөлісу: