«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ – нің ақпараттық — түсіндіру бөлімінің бастығы Төлеуов Әлібек Қуатұлы мен ақпараттық — түсіндіру бөлімінің дінтанушысы Нұртай Жұмақали ауданымызға келіп, аудан тұрғындарымен кездесіп, «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында кездесу өткізіп, ауданның діни ахуалын анықтау мақсатында сауалнамалар алды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дәулетбекова Күләйхан Тұрсынбекқызы жүргізді.
Алғашқы сөзді алған Төлеуов Әлібек Қуатұлы орталықтың аты айтып тұрғандай дін саласындағы мәселелерді зерттеу мен оңалтудың жолдары туралы тоқталып, дінтанушы маман Нұртай Жұмақали «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» яғни, деструктивті діни ағымдардыың зияны жайында, жалпы дін саласы бойынша кеңінен түсіндіріп берді.
Жиынға жиналған көпшілік өздерінің ойында жүрген сауалдарын қойып, дінтанушы мамандардан қанағаттанарлық жауаптар алып, діни сауаттарын ашты.
Ербол СЫМХАНОВ.